Шетелден келген 4 жолаушыдан КВИ анықталды

0
2 121

2021 жылғы 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді.


Шетелден келген 4 жолаушыдан КВИ анықталды

ERNUR.KZ. 2021 жылдың 10 қаңтарында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ақпарат таратты, деп жазады baq.kz.

2021 жылғы 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді.

2 655 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 283 адам және анықтамасыз 372 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 531 жолаушы, анықтамамен - 1 375, анықтамасыз - 156;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 124 жолаушы, анықтамамен - 908; анықтамасыз - 216.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 9 қаңтарында анықтамасыз келген 247 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.