Шетелден Нұр-Сұлтанға коронавирус алып келгендер анықталды

0
1 229

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары COVID-19 індетіне қарсы тест тапсырып, оның нәтижесін карантиндік стационарда күтеді.


Шетелден Нұр-Сұлтанға коронавирус алып келгендер анықталды

ERNUR.KZ. Минскіден Нұр-Сұлтанға ПТР-тестен өтпей келген төрт қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"ПТР талдауының нәтижесі бойынша, 2020 жылдың 16 желтоқсанында Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен ұшып келген төрт жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды", - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

17 желтоқсанда Германия, Венгрия, Нидерланды, Мальдив аралдары, Үндістан, Мысыр, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей және Өзбекстаннан он сегіз халықаралық рейс Қазақстан Республикасының аумағына кірген.

"2052 жолаушының ішінде 1 674 адамда теріс нәтиже көрсеткен ПТР тестілеудің анықтамасы болды, Қазақстанның 378 азаматы анықтамасыз келді", - деп нақтылады ведомство.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР талдау әдісімен COVID-19 індетіне қарсы тестен өтті, олар нәтижені карантиндік стационарда күтіп отыр.