Шетелден оралған жолаушылар коронавирусқа тест тапсырудан бас тартып, жанжал шығарды

0
592

Дәрігерлер мұндай жауапсыз азаматтар тек жақындарының ғана емес, жалпы елдің денсаулығына қауіп төндіреді деп ескертеді.


Шетелден оралған жолаушылар коронавирусқа тест тапсырудан бас тартып, жанжал шығарды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. БАӘ мен Түркиядан қайтқан 22 адам COVID-19-ға ПТР тест тапсырудан бас тартты. Дәрігерлер бірнеше сағат бойы келгендерді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын орындауға көндірген, - деп жазады Tengrinews.kz.

"22 адам бас тартты, автобуста отырды және кіргісі келмеді. Біз көндіруге тырыстық, олар жанжал шығарып бағынбады. Себептері әртүрлі болды. Түнге дейін түсіндірген соң, карантиндік стационарға бір-бірден кіре бастады", - дейді "Рамада Плаза" карантиндік стационарының директоры Жұлдыз Данбаева.

Наразылық білдірушілердің бірі - 42 жастағы қала тұрғыны. Ол сынақ нәтижелерін күткісі келмейтінін айтып, мекемеден кетуге тырысқан. Полицейлер ер адамға қатысты шаралар қабылдады.

"Ер адам әйелімен және баласымен Түркиядан ұшып келді. Оның отбасы барлық процедуралардан өтсе де, ол талдау нәтижелерін күтпейтінін мәлімдеді және қашып кетуге тырысты. Полицейлер шара қолданды", - деп түсіндірді Данбаева.

Дәрігерлер мұндай жауапсыз азаматтар тек жақындарының ғана емес, жалпы елдің денсаулығына қауіп төндіреді деп ескертеді. Сондай-ақ, санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін, маска тақпағаны үшін тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.