Шетелден ұшып келген 215 жолаушыда ПТР-анықтама болмаған

0
2 045

5 қаңтарда 14 халықаралық әуе рейсі келді.


Шетелден ұшып келген 215 жолаушыда ПТР-анықтама болмаған

5 қаңтарда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Германия, Корея, Үндістан, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді.

1 940 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 725 адам, анықтамасыз 215 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 252 жолаушы, анықтамамен - 1 112, анықтамасыз - 140;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 186 жолаушы, анықтамамен - 182; анықтамасыз - 4;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 3 жолаушы анықтамамен келді;

- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 206 жолаушы, анықтамамен - 150; анықтамасыз - 56;

- Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 143 жолаушы анықтамамен келді;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы, анықтамамен - 135; анықтамасыз – 15.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жеррі бойынша COVID-19-ға ПТР әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп жатыр.

2021 жылдың 4 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 162 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.