Шетелден ұшып келген төрт қазақстандықтан коронавирус анықталды

0
2 262

Оның ішінде екі жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, тағы екеуі Дубай – Алматы рейсімен келген.


Шетелден ұшып келген төрт қазақстандықтан коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. БАӘ мен Мысырдан ұшып келген төрт қазақстандықтан коронавирус анықталды, деп жазады Tengrinews.kz.

"ПТР-талдау нәтижелері бойынша 2021 жылдың 13 қаңтарында ҚР-ға анықтамасыз келген 280 қазақстандықтың төртеуінде коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде екі жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, тағы екеуі Дубай – Алматы рейсімен келді", - делінген хабарламада.