Шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды

0
2 296

Транзиттік жол жүру мен шекаралардың жабылуы да жолаушыларға қиындық туғызған.


Шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды

ERNUR.KZ. Короновирус инфекциясына байланысты Қазақстанға келетін шетелдіктердің тұру уақытына өзгерістер енгізілді, деп жазады inbusiness.kz.


«Жол жүру құжаты, ықтиярхаты мен визаларының мерзімі өтіп кеткен немесе уақытша берілген құжаттарының жарамдылық мерзімі 2021 жылғы 5 маусымға дейін аяқталатын шетелдіктер мен азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Оларға айыппұл төлемей-ақ елден шығуға рұқсат берілді», – дейді ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов брифингте. Қазіргі пандемия кезінде әуе рейстер бұрынғыдай тұрақты ұшып жатқан жоқ.


Транзиттік жол жүру мен шекаралардың жабылуы да жолаушыларға қиындық туғызған.


«Мұндай мәселелер көптеген шетелдіктің Қазақстаннан белгіленген мерзімде шығуына мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан елімізде инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермес үшін ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Бұл шара елімізде уақытша болатын шетелдіктердің мәртебесін заңдастыруға және Қазақстанда заңнаманы бұзуға жол бермеуге мүмкіндік береді», – дейді С.Сейтжанов.


Жеңілдік негізінен отбасымен қосылуға келген шетелдіктерге, құжаттарының жарамдылық мерзімі өткен азаматтарға және еңбек ету үшін көшіп келгендерге жасалған. Комиссияның шешімімен, еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаты немесе өздігінен жұмысқа тұруға арналған тиісті біліктілігі туралы жергілікті атқарушы орган берген анықтамасы бар азаматтарға виза, уақытша тұруға рұқсат қағазы елге келу мақсатын көрсетпей-ақ беріледі.


«Бұл ретте рұқсат құжаттарының мерзімі өткен немесе өтіп бара жатқан Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтар құқықтық мәртебесін уақытылы реттестіру үшін көші-қон қызметіне жүгінуі керек», – дейді төраға орынбасары.