Шикізаттық емес экспорт 25 млрд долларға өседі - Сауда министрі

0
543

Биыл экспорттаушыларды қолдау ретінде 280 млн долларға 62 келісімшарт жасасты.


Шикізаттық емес экспорт 25 млрд долларға өседі - Сауда министрі

ERNUR.KZ. Мемлекет биыл экспорттаушыларды қолдау ретінде 280 млн долларға 62 келісімшарт жасасты. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz

"Оның ішінде 54 млн доллар акселератордың түлектеріне тиесілі. Келісімшарттың көпшілігі тұз, ұн, ет және ет өнімдері, макарон, консервілер, бал, өсімдік майы, сүт ұнтағы сынды азық-түлік өнімдерін сату бойынша жасалды. Мәшине жасау, металлургия өнімдерін жеткізу, IT-қызметтерге де келісімшарттар бар. Қолдауға 1 теңге жұмсалса, тауар өндірушілер соған 329,6 теңге кіріс көреді", - деп хабарлады ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, қызметтер экспортын қоспағанда, 10 айда шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 15,9 млрд доллар болды. "Егер қызметтер экспортын қоссақ (ол бірінгі жартыжылдықта өсті - 2,7 млрд доллар болды), онда жалпы шикізаттық емес экспорт көрсеткішінде 25 млрд долларға жетеміз деп ойлаймын", - деп түйіндеді Сұлтанов.