Ішкі істер минстрлігі Алматы ІІД басшысы Серік Күдебаевқа қатысты тексеріс қорытындысын жариялады

0
2 011

​Алматы қаласы ІІД басшысы генерал-майор Серік Күдебаевтың заңға қайшы әрекеттеріне қатытсты департаменттің жеке құрамы түсірген аноним шағымы бойынша Ішкі істер министрлігі тексеріс жүргізді.


Ішкі істер минстрлігі Алматы ІІД басшысы Серік Күдебаевқа қатысты тексеріс қорытындысын жариялады

Алматы қаласы ІІД басшысы генерал-майор Серік Күдебаевтың заңға қайшы әрекеттеріне қатытсты департаменттің жеке құрамы түсірген аноним шағымы бойынша Ішкі істер министрлігі тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Тексеріс барысында деректе көрсетілген деректер расталмады. Шағымда көрсетілген ІІБ басшылары (Медеу, Наурызбай және Алмалы аудандарының) С.М.Күдебаевқа туыстығы жоқ. Олар біліктілік талаптарына толық сай келеді және оларды тағайындау кезінде бекітілген кадрлық рәсімдер бұзылмаған", - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев. Сонымен қатар, барлық ауданның ІІД мен ІІБ-лерінде өткізілген аноним сауалнама "жеке құрам арасында жайлы моральдық-психолгиялық климат барын көрсетіп отыр" және ақша жинау, өзге де заңсыз әрекеттер, соның ішінде С.М.Күдебаевтың қызметтік көрсеткіштерін қолдан көтеру деректері "расталған жоқ".