ШҚО әкімінің аппараты тікұшақпен кестесіз ұшу үшін бюджеттен 162 миллион теңге бөлген

0
322

Даниал Ахметовтің аппараты екі лот жариялаған.


ШҚО әкімінің аппараты тікұшақпен кестесіз ұшу үшін бюджеттен 162 миллион теңге бөлген

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мемелкеттік сатып алулар сайтында кестесіз жолаушы тасымалдау бойынша әуе қызметін алу үшін хабарландыру жариялады, деп жазады stan.kz.

Даниал Ахметовтің аппараты екі лот жариялаған. Бірінің құны 160,2 миллион теңге, екіншісінің құны 2 миллион теңге екен.

Лоттың сипаттамасында тапсырыс берушінің "Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі екенін көруге болады. 160,2 миллион теңгелік лоттың қосымша сипаттамасында 1 кластағы тікұшақ қызметі қажет екені көрсетілген.

Ал 2 миллион теңгелік лотта 2 кластағы тікұшақ қызметі көрсетіліпті. Сондай-ақ қажет жағдайда ішкі және халықаралық рейсті жүзеге асыруға міндетті.

Қос лот 3 мамырда жарияланған. Өтініштер 22 мамырға дейін қабылданады. Лоттарда белгіленген 162,2 миллион теңге 1 жылға арналған. Демек 2023 жылдың соңына дейін тікұшақпен кестесіз жолаушы тасымалдау қажет.

Лотта көрсетілген 1 және 2 кластағы тікұшақтардың да айырмашылығы бар. Егер 1 кластағы әуе көлігімен кем дегенде 22 жолаушы ұшса, 2 кластағы тікұшақпен кем дегенде 6 адам ұша алады.