ШҚО-да 3 балықшы құтқарылды

0
793

Балықшылар боранның салдарынан көліктеріне жете алмаған.


ШҚО-да 3 балықшы құтқарылды

ERNUR.KZ. Сібе көлінде балық аулағандар құтқарушыларға хабарласқан. Оған қатты боран себеп болған, деп жазады baq.kz.

Оқиға орнына келген Ұлан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері үш адамды құтқарып, Бозанбай ауылына жеткізген.

Осы ретте, Төтенші жағдайлар қызметкерлері боранды күндері тұрғындардан тәуекелге бармауды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.

Қазгидрометтің мәліметінше бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Атырау, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ, боран болады деп күтілуде.