ШҚО-да 3 мыңнан астам мал айып "тұрағына" қамалды

0
180

Мал ұрлығының тең жартысы иелерінің өз малын қараусыз қалдыруынан болады.


ШҚО-да 3 мыңнан астам мал айып

ERNUR.KZ. ШҚО-да тамыз айында – 53, ал жыл басынан бері 3 336 мал айып «тұрағына» қамалды, деп жазады altaynews.kz.

"Мұндай арнаулы қоралар қараусыз қалған малдарды қамау үшін салынды. Қазір облыста айып қорасының 259-ы бар. Оларға тамыз айында – 53, ал жыл басынан бері 3 336 мал қамалды" - деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Айтуынша, мал ұрлығының тең жартысы иелерінің өз малын қараусыз қалдыруынан болады. Бұл айып қоралары мал ұрланып кетпеу үшін ұйымдастырылған.

Департамент ұсынған ақпаратқа сенсек, жыл басынан бері тіркелген 259 ұрлық оқиғасының 109-ы малдың қараусыз қалғандығынан.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет