ШҚО-да алаяқ еркек "халық емшісімін" деп әйелдерді алдап келген

0
3 041

Әйелге бір айдың ішінде сырқатынан сауықтыруға уәде беріпті. Сөйтіп алдын-ала 60 мың теңге өтем алған.


ШҚО-да алаяқ еркек

ERNUR.KZ. Семей тұрғыны өзін «халық емшісімін» деп таныстырып, әйелдерден ақша алған деп жазады sn.kz.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция бөлімшесіне алаяқтың үстінен екі бірдей жәбірленуші шағым түсіріпті.

2 маусым күні 52 жастағы әйел полицияға өзін 56-дағы ер адамның алдап кеткенін айтып, арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, әлгі өзін дәстүрлі жолмен емдейтін халық емшісі ретінде таныстырған. Әйелге бір айдың ішінде сырқатынан сауықтыруға уәде беріпті. Сөйтіп алдын-ала 60 мың теңге өтем алған.

Сол күні бір сағат өтер-өтпестен полиция бөлімшесіне алаяқ емшінің құрбанына айналған тағы бір 43 жастағы келіншек шағымданған. Халық емшісіне алданған ол емделуге 32 мың теңге берген.

Қазіргі кезде күдікті ұсталып, өз кінәсін толығымен мойындады. Оның алаяқтық әрекетіне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.