ШҚО-да алименттен жалтарғандар 128 миллион теңге қарыз

0
102

Алименттен жалтарушылардың 8-і – әкімшілік, 15-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды.


ШҚО-да алименттен жалтарғандар 128 миллион теңге қарыз

ERNUR.KZ. ШҚО-да алименттен жалтарушылар көбейді. Прокуратураның соңғы 6 айға арналған мәліметіне сенсек, борышкердің барлығы жиылып 128 миллион теңге көлемінде алимент төлеуі керек, деп жазады Алтайньюс.

Мекеменің іздестіруімен олардың 8-і – әкімшілік, 15-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, облыста жыл басынан бері 157 борышкер жұмысқа орналастырылған. Ал жұмыссыз ретінде тіркелгендер – 190.

Алдағы уақытта оларға арнап бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілетінін айтады аталмыш мекеменің қызметкері


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет