ШҚО-да кәріз жөндеушілер газға уланып, біреуі көз жұмды

0
941

Қайғылы оқиға 12 маусым күні күндіз Зайсан қаласында орын алды.


ШҚО-да кәріз жөндеушілер газға уланып, біреуі көз жұмды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында кәріз құдығын жөндеп жүрген 3 адам газға тұншығып, біреуі оқиға орнында қайтыс болды, деп жазады ktk.kz.

Қайғылы оқиға 12 маусым күні күндіз Зайсан қаласында болды. «Зайсан» коммуналдық көпсалалы мемлекеттік кәсіпорнының 3 қызметкері Спамбетов көшесінің бойындағы тұрғын үйдің кәріз құдығын жөндеп жатқанда метан газы бөлінген. 2 метр тереңдікте жүрген қызметкерлердің бірден сыртқа шығуы қиын болған. Аудандық ТЖ бөлімі мен 43-ші өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары жұмысшыларды құдықтан шығарып алып шықты.

«45 жастағы слесарь оқиға орнында көз жұмған. 38 жастағы жүргізуші ауруханада жатқызылып, 32 жастағы дәнекерлеуші медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Төтенше жағдай мамандары метан газының ауадағы үлесі 30 пайыздан асып, оттегі үлесі 20 пайыздан кеміген жағдайда адам өміріне қауіп төнетінін ескертеді. Зайсандағы жағдайда еңбек қауіпсіздігінің ережесі бұзылған», - делінген.