ШҚО-да құтқарушылар бес күн бойы өрт сөндірді

0
1 009

Өрттің жалпы аумағы 2 мың гектарды құрайды.


ШҚО-да құтқарушылар бес күн бойы өрт сөндірді

ERNUR.KZ. ШҚО-ның Абай ауданында құтқарушылар бес күн бойы өрт сөндірді, деп жазады Алтайньюс.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт 24 қыркүйекте басталған. Таулы жерде қураған шөп өртенген. Өрт сөндіру жұмыстарына облыстық ТЖД-нің барлық күштері мен құралдары, сондай-ақ, Ұлттық ұлан әскери бөлімінен, жергілікті атқарушы органдардан 242 адам және 29 техника жұмылдырылып отыр.

Өрттің жалпы аумағы 2 мың гектарды құрайды.

Өрт бүгін сағат 12:35-те толықтай сөндірілді.