ШҚО-да оқушы мен студенттің белгісіз жағдайдағы өлімі тергеліп жатыр

0
323

Студент пен 6-сынып оқушысы.


ШҚО-да оқушы мен студенттің белгісіз жағдайдағы өлімі тергеліп жатыр

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында оқушы мен Алтай қаласындағы колледж студентінің өлімі туралы ақпарат тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Қайғылы оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы пікір білдірді.

"Кәмелетке толмағандардың өлімі дерегін растаймыз. Бұл студент пен 6-сынып оқушысы. Бұл оқу процесі кезінде емес, демалыс күндері, балалар үйінде жүрген кезде болды. Бұл суицид пе, әлде жоқ па - полиция анықтайды", - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда суицид жасау дерегі 7 пайызға, суицидке әрекеттену 17,5 пайызға төмендегенін хабарлаған едік.