ШҚО-да пойызға отыру үшін ПТР-тест анықтамасы талап етілмейді

0
1 369

Жаңа қаулы 16 желтоқсаннан бастап күшіне енді.


ШҚО-да пойызға отыру үшін ПТР-тест анықтамасы талап етілмейді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында пойыз және ұшақ жолаушыларынан ПТР-тест анықтамасы талап етілмейтін болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Шығыс Қазақстан облысының ішкі әуе және теміржол қатынастарында COVID-19 бойынша шектеу шараларын күшейту туралы» Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 31 қазандағы № 59 қаулысына өзгерістер енгізілді. Енді пойыз және ұшақ жолаушыларынан ПТР тест анықтамасы талап етілмейді», - делінген құжатта.

Жаңа қаулы 16 желтоқсаннан бастап күшіне енді.