ШҚО-да полицейлер ат шаптырып, той жасағандардың үстінен түсті

0
648

Өңірде коронавирусқа байланысты отбасылық үлкен той-жиындар әлі де өткізуге тыйым салынған.


ШҚО-да полицейлер ат шаптырып, той жасағандардың үстінен түсті

ERNUR.KZ. ШҚО полицейлері карантин талаптарын бұзып, үйлену тойлары мен басқа да отбасылық іс-шараларды ұйымдастырып жүргендерді әшкерелеу мақсатында рейдке шығып жүр, деп жазады Altaynews.

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 тамыздағы қаулысына сәйкес үлкен той-жиындар өткізуге тыйым салынған.

Осындай рейдттердің бірінде тамыздың соңғы демалыс күндері Аягөз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қаладағы мейрамханалардың бірінде ұлан-асыр той жасап жатқандардың үстінен түсті. Шақырылған қонақтар тойханаға «артқы» есіктен кіргізіліп, көліктер мейрамхананың арты мен көрші аулаларға қойылған.

Осыған ұқсас жағдай Бесқарағай ауданында да тіркелді. Онда жергілікті тұрғын Бәйге ұйымдастырып, осылайша Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 08.16.2020 жылғы №21 қаулысын бұзған.

- Карантин режимін бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін барлық фактілер мен материалдар Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді, - дейді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.