ШҚО-да шахтада жұмысшы қаза тапты

0
815

Қайғылы оқиға тау-кен массасының опырылуы салдарынан орын алған.


ШҚО-да шахтада жұмысшы қаза тапты

ERNUR.KZ. KAZ Minerals мәліметтері бойынша, қайғылы оқиға 13 шілдеде сағат 03:00 шамасында «Востокцветмет» ЖШС Орлов шахтасының аумағында болған, деп жазады «Хабар 24».

«Тау-кен массасының опырылуы салдарынан Орлов шахтасының бекітушісі қатты жарақат алып, қайтыс болды. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, оның өміріне еш қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген Шығыс Қазақстан облысы бойынша Корпоративтік байланыстар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.