ШҚО-да шетелге кететін түлектердің саны азайған

0
799

Бүгінде түлектердің 40 пайыздан астамы өңіріміздегі оқу орындарында білім алуды жоспарлап отыр.


ШҚО-да шетелге кететін түлектердің саны азайған

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында қолға алынған «Білікті маман» жобасының аясында өңірде шетелде білім алғысы келетін түлектердің саны азайды, деп жазады qamshy.kz.

Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мәлім етті.

"Биыл Өскемен мен Семей қалаларындағы мектеп түлектерінің 394-і шетелде оқуға ниет білдірді. Олардың мұндай таңдау жасауына отбасыларымен бірге өзге елге қоныс аударулары себеп болып отыр", – деді Сайрангүл Жұмаділова.

Риддер, Курчатов қалалары мен Шемонайха, Алтай аудандарындағы мектеп бітіруші түлектердің шетелге кетуі бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда күрт азайды.

"Бүгінде түлектердің 40 пайыздан астамы өңіріміздегі оқу орындарында білім алуды жоспарлап отыр. Қалғандары еліміздің өзге аймақтарында білім алмақ", – деді Сайрангүл Жұмаділова.