​ШҚО-да тұрғындар 8 жастағы қызды зорламақ болған азғынды ұстап үлгерді

0
1 690

Ауылдастарының қырағылығы мен жауапкершілігінің арқасында айыпталушы ұсталып, сегіз жастағы қыз бала құтқарылды


​ШҚО-да тұрғындар 8 жастағы қызды зорламақ болған азғынды ұстап үлгерді

ERNUR.KZ. ШҚО-ның Үржар ауданында 8 жастағы қызды зорламақ болған мас адамның арам ойы іске аспады. Оқушының жан даусын естіген ауыл тұрғындары дер кезінде көмекке келген деп жазады, NUR.KZ.

ШҚО-ның арнайы қылмыстық істер жөніндегі соты мас күйде 8 жастағы қызды зорламақ болған Үржар ауылының тұрғынына үкім шығарды.

Соттың мәліметінше, ер адам қызды оқшау жерге апарып, зорламақ болған. Абырой болғанда қыз баланың айқайын естіген үш ауылдасы бірден көмекке келген.

Олар Архат пен Мерхат Жақмановтар мен Тоқтарғазы Қайрақпаев. Ағайындылар қыз баланы қылмыскердің қолынан жұлып алса, үшіншісі оны қуып жетіп, полиция келгенше жібермей ұстаған.

"Ауылдастарының қырағылығы мен жауапкершілігінің арқасында айыпталушы ұсталып, сегіз жастағы қыз бала құтқарылды. Сот баланы зорламақ болған азаматты 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде (қатаң режимдегі колония) өтейді.

Сондай-ақ оған химиялық кастрация жасалады", - деп хабардар етті ШҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі арнайы аудандық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ қылмысты болдырмауға атсалысқан Үржан ауданының тұрғындарын ынталандыру үшін сот аудан әкімінің атына жеке қаулы шығарды.