ШҚО-да тұрғынның 5 миллион теңгесін алып кеткен алаяқ ұсталды

0
858

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


ШҚО-да тұрғынның 5 миллион теңгесін алып кеткен алаяқ ұсталды

ERNUR.KZ. Өскеменде пәтер сатып алмақша болған тұрғынның 5 миллион теңгесін алдап алып кеткен алаяқ ұсталды, деп жазады Алтайньюс.

23 шілде күні аталмыш факті бойынша қаладағы Үлбі полиция бөлімшесіне 52 жастағы тұрғын арзыданған.

– 2018 жылдың сәуір айының соңында бейтаныс әйел оған пәтер алуға көмектесемін деп, 5 200 000 теңгесін алдап алып кеткен. Күдікті ретінде бұрын бірнеше рет сотты болған 1971 жылғы азаматша ұсталды, – деп мәлімдеді Өскемен полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.