ШҚО-да түрмедегі шеберлердің жәрмеңкесі өтті

0
794

Қолөнер бұйымына қызығушылардың қатары көп болды.


ШҚО-да түрмедегі шеберлердің жәрмеңкесі өтті

ERNUR.KZ. ШҚО-да түрмедегі шеберлердің жәрмеңкесінен түскен мқаражат көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріледі, деп жазады Аltaynews.

– Сотталғандар мен мерзімін өтеп шыққандар қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесін өткізді. Жалпы біз жылда көрме өткізетінбіз. Шара соңында ағаштан істелген заттар мен картиналарды балалар және қарттар үйіне табыстайтын едік. Биыл жәрмеңке қылып, келушілерге саудаладық. Бағасы 500 теңгеден басталады. 2 500-3 000 теңгелік бұйымдар да бар, – деді ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті әлеуметтік-психологиялық жұмыстар бөлімінің аға инспекторы Зухра Тоқтамысова.

Зухра Тоқтамысованың айтуынша, қолөнер бұйымына қызығушылардың қатары көп болды.

Айта кетейік, жәрмеңке облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханада болды. Кітапхана мәліметінше, жәрмеңкеден түскен қаражат Қызыл Жарты Ай қоғамына беріледі. Бұл қоғам қаражатты одан ары көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеткізеді.