​ШҚО-да жалған еңбек келісімшартын жасау фактілері анықталды

0
1 356

Жүргізілген талдау нәтижесінде прокурорлар осы схеманы әшкерелеп, 6,4 млн теңге соманы өндіру туралы сот актілерін бұзды.


​ШҚО-да жалған еңбек келісімшартын жасау фактілері анықталды

ERNUR.KZ. ШҚО прокуратурасы еңбек заңнамасын сақтау саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде өндіруші мен борышкер арасында жалған еңбек келісімшарттары жасалғаны анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Өскемен қаласының бір кәсіпорнының басшысы жалақы бойынша берешегінің жоқтығын пайдаланып, есептер бойынша төлемдерден жалтармақ болған. Жалған келісімшарттарды көбінесе жалдамалы жұмысшылар, туыс-таныстар жасаған. Тиісті уақытта қызметшілер жалақы бойынша берешекті өндіру туралы сотқа жалған талап беріп отырған. Осымен қатар, аталған талапкерлер мүлде басқа ұйымдарда жұмыс істеген, оларда салық бойынша жеке табыстар мен әлеуметтік салық есептіліктері болмаған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жалақы бойынша берешек бірінші кезекте өндіріледі, осындай тетік кәсірорын-борышкерге өзінің активтерін сақтап, тиісті төлемдерден жалтаруға мүмкіндік берген.

Жүргізілген талдау нәтижесінде прокурорлар осы схеманы әшкерелеп, 6,4 млн теңге соманы өндіру туралы сот актілерін бұзды.

«Азаматтардың жалақысын уақтылы төлеу мәселелері облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет. Жылдың басынан бастап жалпы сомасы 25 млн теңге құрайтын берешек өндірілді»,-делінген облыс прокуратура таратқан хабарламада.