ШҚО-да жүк көлігі аударылып, 2 адам көз жұмды

0
530

Қаза болған азаматтардың жеке бастары анықталуда.


ШҚО-да жүк көлігі аударылып, 2 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында отқа оранған жүк көлігінен 2 адамның мәйіті табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 мамыр күні «Өскемен-Алтай» тасжолының 25 шақырымында «Вольво» маркалы жүк көлігі аударылып түскен.
Жол апатының салдарынан көлік шанағы жанған.
«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 9 шаршы метрді құраған тілсіз жау ауыздықталды. Өртті өшіру кезінде 2 мәйіт табылған. Қаза болған азаматтардың жеке бастары анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама жұмыстары жүргізілмек.
Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамнан 15 адам мен 5 техника жұмылдырылған.