ШҚО-да жүк пойыздары соқтығысып, 23 вагон рельстен шығып кетті

0
683

Зардап шеккендер жоқ.


ШҚО-да жүк пойыздары соқтығысып, 23 вагон рельстен шығып кетті

ERNUR.KZ. 25 тамызда сағат 08:15-те Жақсыбұлақ станциясында (ШҚО, Аягөз ауданы) қатты жел салдарынан станцияда тұрған жүк вагондары орнынан қозғалып, қарсы келген №3471 жүк пойызына соқтығысқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Соқтығыс нәтижесінде 1525 шақырымда локомотив пен 23 вагон рельстен шығып кеткен. Локомотивтен өрт шыққан. Опат болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Балқаш, Ақтоғай станцияларынан қалпына келтіру және өртсөндіру пойыздары жөнелтілді. Жағдайдың себеп-салдарын тексеру үшін оқиға орынына арнайы комиссия жолға шықты», - делінген хабарламада.

Осы жағдайға байланысты №54 пойыз (Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) - Достық бағытында) уақытынан кешіккен. Аталған пойыз жолаушыларын жол жүру құжаттарында (билеттерде) көрсетілген межелі жеріне жеткізу үшін автобуспен тасымалдап жатыр.