ШҚО-да жүзге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

0
2 459

Бір тәулік ішінде құтқарушылар 95 адамды қар құрсауынан құтқарды.


ШҚО-да жүзге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылары қар құрсауында қалған 95 адамды эвакуациялады. Құтқарылған адамдардың ішінде 5 бала болған, деп жазады Azattyq Rýhy.

«20 наурыз күні облыс жолдарында құтқару жұмыстары түні бойы жүргізілді. Бір тәулік ішінде құтқарушылар 95 адамды қар құрсауынан құтқарды. Оның ішінде 5-еуі бала», - делінген ТЖД хабарламасында.

Ауа райының қолайсыздығынан Алматы – Өскемен (967-1048 км, Қалбатау – Ұлан бұр), Семей – Қарауыл (4-182км), Бақыршық – Борсақ (0-18 км), Борсақ ауылы жолы (0-11 км), Алматы – Өскемен (778-967 Аягөз – Қалбатау) жолдары жабылып, қозғалыс шектелді.

ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындарынан алыс жолға шықпауды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.