ШҚО-дағы екі мектепте карантин жарияланды

0
557

Білім ордаларында 600-ге жуық оқушы сабаққа келмеген.


ШҚО-дағы екі мектепте карантин жарияланды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында жедел респираторлық-вирустық инфекцияның өршуіне байланысты екі мектепте карантин жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Оқушылар арасында ЖРВИ-ға шалдыққандардың саны күрт өсуіне орай № 6 және № 8 орта мектептерде карантин жарияланды» деп хабарлады Алтай қалалық білім бөлімі.

Бұған дейін бұл білім ордаларында 600-ге жуық оқушы сабаққа келмеген болатын. Осыған орай медициналық тексеру жүргізілген. Соның қорытындысы бойынша, карантин жариялау туралы шешім қабылданды.

Білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, карантин әзірге қаңтар айының аяғына дейін жалғасады.