ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

0
2 448

Сыра қалбырлары тот баспайды, күн түскенде бояуы оңып кетпейді.


ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

ERNUR.KZ. ШҚО-да босаған сыра қалбырларын құрылыс материалы ретінде пайдаланып отырған отбасы бар, деп жазады Алтайньюс.

Алтай ауданына қарайтын Малеев ауылындағы Ивановтардың үйі алыстан мен мұндалап көрінеді. Себебі отағасы Виктор үйді әрлеу үшін түрлі-түсті сыра қалбырларын пайдаланған. Ауызғы үйі, гараж, қора-қопсы – түгелдей қалбырмен қапталған.

"Бірде газеттен сыра қалбырларын тот баспайтыны туралы оқыдым. Күн түскенде бояуы оңып кетпейді екен. Сондықтан үй-жайымызды осылармен безендіруді жөн көрдік," – дейді Лидия Иванова.

Зейнеткерлер сыра қалбырын Бұқтырма мен Хамир өзендерінің жағасынан жинапты. Әсіресе жазда, демалушылардан кейін тіпті көп кездесетін көрінеді.

"Барлығы 10 мың қалбыр кетті. Материалдың беріктігі сондай, өткен жылы көктемде су басқанда да, қора-қопсы міз бақпады," – дейді Виктор Иванов.

Ивановтардың айтуынша, енді көршілері де осы әдіске көшкен екен.