Шөкеев пен Әбдірахымов әкім болып қайта тағайындалды

0
2 384

Президент сайлауынан кейін бірқатар әкімдер өз өкілдігін тоқтатқан еді.


Шөкеев пен Әбдірахымов әкім болып қайта тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек - Алматы қаласының әкімі;

Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов - Шымкент қаласының әкімі;

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев - Ақмола облысының әкімі;

Оңдасын Сейілұлы Оразалин - Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов - Алматы облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев - Атырау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов - Жамбыл облысының әкімі;

Ерлан Жақанұлы Қошанов - Қарағанды облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов - Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев - Қызылорда облысының әкімі;

Болат Жұмабекұлы Бақауов - Павлодар облысының әкімі;

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев - Түркістан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" делінген Ақорда Баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.