Шошқаға ұқсас қой венгриялық жануар - АШМ жауабы

0
2 653

Бас кейпі шошқаға ұқсайтын қойлар туралы бейнежазба халықты шошытқан болатын.


Шошқаға ұқсас қой венгриялық жануар - АШМ жауабы

ERNUR.KZ. Бас кейпі шошқаға ұқсайтын қойлардың бейнежазбасына қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің бапсасөз хатшысы түсініктеме берді, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Алдымен шошқа мен қойдың физиологиясы мен генетикасы бойынша әртүрлі жануар. Қойдағы хромосомалардың саны 54, ал шошқада 38. Хромосомалар санындағы бұл айырмашылық шошқа немесе қойдың жаңа түрлерін шығару үшін тәжірибе жасауға келмейді дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз, ғылыми тұрғыда мүмкін емес. Әлемде мұндай жұмыс түрлері жүргізілмейді. Басқа-басқа Қазақстанда атымен жоқ әрі болуы мүмкін емес. Будандастырған күннің өзінде бұл жануарлар ұрық бермейді. Қазіргі уақытта әлемдік деңгейде қой мен шошқаның өміршең будандары туралы ақпарат та жоқ», - деп жазды мекеменің баспасөз хатшысы Дамир Аспан.

Сондай-ақ, ол видеодағы жануардың қайдан шыққанын жазды.

«Ал желіде тарап жатқан видеода шошқа тәрізді қой емес, Мангалия шошқа тұқымы бейнеленген. Ол 19 ғасырда ескі Венгр шошқа тұқымдары (Бакони және Сзалонтай) мен Еуропалық қабанды будандастыру негізінде өсірілген. Өзінің төзімділігінің арқасында Венгрияда жиі кездеседі», - дейді.