Шотландиядан демалуға келген туристер Алматының қоқысын теріп жүр

0
1 047

Олар Қазақстанның әдемілігін тамашалауға келген.


Шотландиядан демалуға келген туристер Алматының қоқысын теріп жүр

ERNUR.KZ. Шотландиядан келген егде жастағы туристер Алматы мен Үлкен Алматы көлі тауларындағы қоқысты көріп, балалары мен немерелерімен бірге жағдайды реттеуге бел буды, деп хабарлайды Stan.kz

"Пол мен Сандра Қазақстанның әдемілігін тамашалауға келген. Бірнеше күн бойы олар Медеуге, Шымбұлаққа барды. Барлық жерді ұнатты. Бірақ олар таулар мен Үлкен Алматы көлі маңындағы қоқыстарды көріп таңқалған. Шотландиядан келген қонақтар серуендеудің орнына балалары және немерелерімен бірге қоқыс жинап кетті", - деп жазады әлеуметтік желі белсендісі Анна Шелепова.

Анна Шелепованың айтуынша, осыдан кейін туристер енді таулардың әсемдігін көруге аса құштарланбайтын сияқты. Сондай-ақ, ол туристер жүретін мекендерге тазалық жүргізу қажеттігін тілге тиек ете кетті.

"Ұлттық паркке кіре берісте сөмкелер таратылған кезде керемет акция болғандығы есімде. Жаппай сенбіліктер өткен. Тауларға қоқыс тастамау үшін бір механизм орнату керек шығар. Сонау алыс жақтан тауды көруге ұшып келген туристер әдемілікті ғана көріп кетсе қандай керемет болар еді. Бірақ олар мына жағдайды көріп басқа әсер алды", - дейді Анна Шелепова.