Шығыс Қазақстан облысында аю көбейіп келеді

0
1 249

2018 жылы аңшыларға 57 қоңыр аюды атуға рұқсат берілді.


Шығыс Қазақстан облысында аю көбейіп келеді

ERNUR.KZ. Мамандар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары неліктен аюларды жиі көретін болғандарын түсіндірді, деп жазады tengrinews.kz.

Облыстық аймақтық орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі инспекциясының 2019 жылғы мәліметінше, ШҚО-да аюлардың саны өскен.

"Бірінші кезекте бұл осы жыртқыштардың табиғи мекенін ауыстыруға байланысты. Биыл біздің мамандар 2654 аю санаған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты және азықтың болмауына байланысты аюлар үй жануарына және қоқыс контейнерлеріне шабуылдайтын болаған", - дейді аймақтық инспекция өкілдері.

2018 жылы аңшыларға 57 қоңыр аюды атуға рұқсат берілді. 2019 жылы аңшылық маусымы ерте басталды.