Шығыс Қазақстанда 58 оқушы коронавирус жұқтырды

0
480

Науқастардың 34-і кезекші сыныптарда білім алса, қалған 24 бала қашықтан оқыған.


Шығыс Қазақстанда 58 оқушы коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 1 қыркүйек пен 11 қазан аралығында 58 оқушы жұқпалы дертке шалдыққан, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, науқастардың 34-і кезекші сыныптарда білім алса, қалған 24 бала қашықтан оқыған.


«Нақты айтсақ, Алтай ауданында 11, Глубокое ауданында 10, Риддер қаласында 11, Семейде 7, Өскеменде 8, Көкпекті ауданында 5, Шемонаиха ауданында 2, Курчатов қаласында 2 және Күршім мен Катонқарағай аудандарында 1 оқушыдан коронавирус жұқтырды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.