Шығыс Қазақстанда аурухана қызметкерінің сұмдық қылмысы ашылды

0
824

​Шығыс Қазақстан облысында аурухана қызметкері ашкөздіктен сұмдық қылмысқа барыпты


Шығыс Қазақстанда аурухана қызметкерінің сұмдық қылмысы ашылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында аурухана есепшісі 92 миллион 500 мың теңге қаржы жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп жазады sputniknews.kz.

Әйел өзінің банктегі шоттарына заңсыз ақша аударып отырған. Оны полиция ұстады.

Шемонаиха аудандық ауруханасының бас бухгалтері бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Ведомство мәліметінше, әйелге 92 миллион 500 мың теңге немесе 240 мың доллар көлемінде қаржы жымқырды деген айып тағылуда.

Тергеу барысында есепшінің осы сомадағы қаражатты өзінің банктегі карталарына аударып отырғаны анықталды.

"Күдікті 27 қараша күні қамауға алынды", - деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Ведомство күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады дейді.