Шығыс Қазақстанда белгісіз індеттен уақ мал мен ірі қара қырылып жатыр

0
690

Жергілікті тұрғындар ауру сәуір айының соңында шыға бастағанын айтады.


Шығыс Қазақстанда белгісіз індеттен уақ мал мен ірі қара қырылып жатыр

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының шекаралық ауданы Зайсанда ірі қара мен уақ мал белгісіз індеттен қырылуда, деп хабарлайды Atameken Business.

Жергілікті тұрғындар ауру сәуір айының соңында шыға бастағанын айтады.

Шілікті ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде 100-ден астам қозы баудай түскен. Малшылар алдымен малдың тұмсығына жара шығып, кейін аяқтарын баса алмай қалатынын айтады.

Ветеринарлар бірнеше рет келіп, сараптама алса да, зерттеу қорытындысын жарияламай отыр.