Шығыс Қазақстанда қар құрсауынан 200 адам құтқарылды 

0
926

Қала сыртындағы тас жолдарда 200-ден астам техника жұмыс істеуде.


Шығыс Қазақстанда қар құрсауынан 200 адам құтқарылды 

ERNUR.KZ. Соңғы үш күнде ШҚО аумағында қарлы боран соғып, барлық бағытта тас жолдар жабылды. Төтенше жағдай қызметі жолда қалған 200-ден астам адамды құтқарды, деп жазады baq.kz.

Құтқарушылар Бородулиха және Шемонаиха аудандарында, Өскемен-Семей тас жолында қар құрсауында қалған 150 автокөлікке көмекке келді.
Сондай-ақ, Көкентау ауылдық округінде бір отар малымен боранда адасып кеткен қойшыны іздеп тапты.


Қазір қала сыртындағы тас жолдарда 200-ден астам техника жұмыс істеуде.