Шығыс Қазақстанда науқас шақыртуға келген медбикені зорлап тастады

0
995

Медбике амалын тауып қашып құтылған.


Шығыс Қазақстанда науқас шақыртуға келген медбикені зорлап тастады

Шығыс Қазақстан облысының Зубаир ауылында жергілікті тұрғын үйге шақырумен келген медицина қызметкерін бірнеше сағат бойы зорлаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

30 жасар Жанардың медбике болып қызмет істеп келе жатқанына 10 жылдан асқан. Ол үш баланың анасы. Өткен жылдың қазан айында оны ауылдасы үйіне шақырған. Жанар дәрі салуға келгенде 45 жасар науқас бір стақан спирттік ішімдікті ішіп, зорлық көрсеткен.

"Зор күшімен мені еденге құлатты. Маған тиіспеуін өтініп жылап, жалындым. Менің үстімнен тұрмай, диваннан жастық алып, тұншықтыра бастады. Әлім құрып, демім үзіліп бара жатты. Қорқыныштан не істерімді білмедім. Қазір пышақ немесе балта алып бөлшектеп тастайтын шығар деп ойладым", - дейді көрген сұмдығы туралы Жанар.

Ол сұмдық жағдайдан қылмыскердің назары басқа жаққа ауғанда сылып үлгерген. Қылмыскер оның артынан жүгіріп барып, 10 мың теңге ұсынып, ренжімеуді сұрған. Бұдан кейінгісі тұман сияқты бұлыңғыр.

"Мен Жанарды әкімдік алдында көрдім. Оны шақырып едім, қаша жөнелді. Қуып жеткенім сол еді, мені құшақтап "қайда барам, не істейм" деп жылай бастады. Болған жайдың бәрін айтып берді. Оны үйіме алып келдім", - деді жергілікті тұрғын Үміт Жүсіпова.

Ауылда барлығы 60 аула бар, барлығы бір-біріне көмектесуге тырысады. Бірақ аталған оқиғадан кейін медбике жұмысына қайта шығуға қорқып қалған. Ауыл тұрғандары зорлықшыны заңмен қатаң жазалауды сұрап отыр.

Тұрғындардың айтуынша, күдіктінің ата-анасы ауылдан кетіп қалған, ал жұбайы жәбірленушіге бірнеше рет келіп, кешірім сұраған.

"Оқиғадан кейін бір апта өткен соң біз жиналып, хат жаздық. Жасы да, кәрісі де барлығы қол қойды. Оның әділ жазасын алуын талап етеміз", - деді Зубаир ауылының тұрғыны Болатхан Төкешов.

Ауыл ақсақалдары бұған дейін бұл адамды көптеген істерге қатысы бар болғанмен, кешіргендерін айтады. Зорлаудан кейін медбикеге пәтер және ақша ұсынған. Бірақ әйел бәрінен бас тартты. Барлығы сот тергеуінің сапасына алаңдауда. Мал дәрігерінің прокуратурада ықпалды туыстары бар көрінеді.

Облыстық соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья Назгүл Рахметуллинаның хабарлауынша, күдіктіге қатысты қылмыстық іс "кісі өлтіру қаупімен ұштасқан зорлау" бабы бойынша қаралуда. Сот отырысы жабық режимде жүзеге асырылады.