Шығыс Қазақстанда пойыз автокөлікті жаншып өтті (видео)

0
852

Жеңіл көліктің жүргізушісі аман қалғанымен бірқатар жарақаттар алған.


Шығыс Қазақстанда пойыз автокөлікті жаншып өтті (видео)

ERNUR.KZ. Жолаушылар тасымалдайтын темір жол құрамының қатысуымен болған оқиға Серебрянскте орын алған, деп жазады Zakon.kz.

Куәгерлердің ақпаратынша, 7 сәуір күні Серебрянсктегі темір жол өтпелдерінің бірінде пойыз жеңіл автокөлікпен қақтығысқан. Желіде тараған видеожазбадан көліктің құрамның таяп қалғанына қарамастан жолды кесіп өтпек болғаны, бірақ үлгере алмай қалғаны көрініп тұр.

Әлеуметтік желіде пойыздың көлікті белгілі бір қашықтыққа дейін сүйреп әкеткені айтылып отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі аман қалғанымен бірқатар жарақаттар алған.