Шығыс Қазақстанда салат жасап жемекші болған 3 жігіт сотталды

0
372

​Салат жасарда абай болыңыз!


Шығыс Қазақстанда салат жасап жемекші болған 3 жігіт сотталды

иллюстрациялық фото

Шығыс Қазақстанда салат жасап жемекші болған 3 жігіт сотталып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Риддер қаласының тұрғындары тіскебасар шөп-шалам теріп жүріп, тәртіп сақшыларының қолына түскен. Сөйтсе, олар жойылып кету қаупі бар "Қызыл кітапқа" енген өсімдіктерді жинап алыпты.

Ұсақ торлы жуаның 250-ден астам сабағын кескен үшеудің 3 жылға дейін бас бостандықтары шектелді. Пробация қызметіне есепке алынып, заңбұзушылықты қайталаса, бостандығын шектеу жазасының бостанықтан айыру жазасына ауыстырылатыны айтылды.