Шығыс қазақстандық дәрігерлер жұмыс орнында наразылық білдірді

0
825

Олар аурухананың бас дәрігерімен жұмыс істеуден бас тартады.


Шығыс қазақстандық дәрігерлер жұмыс орнында наразылық білдірді

ERNUR.KZ. Үржар аудандық орталық ауруханасының бір топ қызметкері әлеуметтік желіде бас дәрігер Баубек Әбілқасымовтың қызметтен кетуін талап етіп, үндеу жолдады. Үндеу жолдаған аурухана мамандары бас дәрігермен жұмыс істеуден үзілді-кесілді бас тартатынын айтады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Наразы топтың айтуынша, басшылары ақ халаттыларға тиесілі үстемақыны төлемеген. Дөрекілігін айтпағанда, бас дәрігер өзіне бағынышты мамандарды Алакөл демалыс аймағында мәжбүрлеп жұмыс істеткен көрінеді.

Алайда, Баубек Әбілқасымов (бас дәрігер – ред.) бұл айыптармен келіспейді. Қазір бұл дауға байланысты облыстық денсаулық басқармасы қызметтік тексеріс жүргізуді бастаған.