​Шығысқазақстандық кәсіпкер балалар үйіне 1,2 млн теңгенің өнімін сыйлады

0
997

Аудандық кәсіпкерлер атынан “Мойнақ” шаруа қожалығының басшысы Сейітбек Рахимов қонақтарға 1 млн 200 мың теңгенің ауылшаруашылық өнімдерін табыстады.


​Шығысқазақстандық кәсіпкер балалар үйіне 1,2 млн теңгенің өнімін сыйлады

ERNUR.KZ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Майра Баймұқанқызы бастаған «Үміт» балалар үйінің көркемөнерпаздары Күршім ауданына қонаққа келіп қайтты, деп жазады Алтайньюс.

Бекітілген арнайы бағдарламаға сәйкес балалар үйінің тәрбиеленушілері №3 Күршім гимназиясында болып, жетістіктерімен танысып, Күршім №1 орта мектебінің кадет сыныптарының оқушыларымен кездесті.

Осыдан кейін балалар орталық мешітте болды. Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Дулет Қажановпен кездесіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Кездесу соңында аудан әкімі әрбір бүлдіршінге естелік сыйлықтар табыстады.

Күршім ауданының тұрғындары бірнеше дүркін халықаралық байқауларға қатысып жүлдегер атанған, өте дарынды, аты әлемге танылған «Үміт» балалар үйі өнерпаздарының өнерлеріне тәнті болды. Лоскутов Влад, республикалық «Х-фактор»жобасының жеңімпазы, әнші Евгений Выблов және Уадинов Эльдар ән шырқап,халықтың көңілін көтерді.

Аудандық кәсіпкерлер атынан “Мойнақ” шаруа қожалығының басшысы Сейітбек Рахимов қонақтарға 1 млн 200 мың теңгенің ауылшаруашылық өнімдерін табыстады.