Шығысқазақстандық саперлер Арыстан үйлеріне оралды

0
710

Олар Арыс қаласын тазартуға әскери тапсырма алған болатын.


Шығысқазақстандық саперлер Арыстан үйлеріне оралды

Арыс қаласын тазартуға әскери тапсырма алған №27943 әскери бөлімі инженерлік-саперлік ротасының жеке құрамы Шығысқа қайтып оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рота командирінің айтуынша, Арысқа 12 сапер барды. Бейбіт күнде астаң-кестең болған қаланы жарылу қаупі басым заттардан арылтқан оларға мақтау қағазын табыстады.

«Төтенше жағдай болған жерге барып, жарылыс заттарын тазарту – аса қауіпті жұмыс. Біз алғашқы аптада үйінділерді шығардық. Содан соң оқ-дәрі қоймаларын тазарттық. Жүктелген міндетті абыройлы атқарған сіздерге алғыс білдіремін», - деді рота командирі Қанат Тоқтарбеков.