Шығыстағы атауы қазақшаланған қала қар құрсауында қалды

0
1 353

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қала көшелеріндегі арнайы техника жұмыс істеп жатыр, бірақ одан пайда болмай тұр.


Шығыстағы атауы қазақшаланған қала қар құрсауында қалды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында бұрын Зыряновск, қазір Алтай деп аталатын қала қалың қардың құрсауында қалды, деп жазады zakon.kz.

Алтайда бірнеше күн бойы үздіксіз қар жауды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қала көшелеріндегі арнайы техника жұмыс істеп жатыр, бірақ одан пайда болмай тұр. Өйткені қайта жауған қар тазалаған жерді қайта бөгіп қалуда. Редакцияға келіп түскен сурет соның дәлелі. Жеке секторда қар тазалайтын көліктер мүлде болмаған секілді.

Ал желіде бұл өңірде түскен қардың деңгейін айтқызбай-ақ түсінікті ететін мына бір видео жүр.