​Шымкент пен Атырауда полицейлер ұсталды

0
1 041

"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр"


​Шымкент пен Атырауда полицейлер ұсталды

фото: tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, Шымкентте Арнайы прокуратура мен ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері біреудің мүлкін жымқыру бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында қалалық ІІД қызметкерін ұстады.

Сондай-ақ, Атырауда жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері, ҰҚКД және ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірігіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары аясында балық өнімдерін шығарумен заңсыз айналысқандарға қолдау көрсетті деген күдікпен облыстық ІІД қызметкерін ұстады.

"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері.