Шымкенттік педагог миллионер Айдын Рахымбаевтың ұсынысына қарсы шықты

0
1 801

Меценат, миллионер, «ВІ» group компаниясының құрылтайшысы Айдын Рахымбаев, ауғанда «Қара Майор» атымен көпке танылған Борис Керимбаевтың туған күнін тойлап жатқанын еліміздің БАҚ-нан оқып, ерлігіне тәнті болып фильм түсіруді ұсынған болатын. Тіпті ол өзінің «фэйсбук», "инстаграмдағы" парақшасында кино туындыны қаржыландыруға дайын екенін де жеткізген. Алайда, миллионердің бұл ұсынысын шымкенттік мұғалім, қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлы қолдамайтындығын ашық жазды.


Шымкенттік педагог миллионер Айдын Рахымбаевтың ұсынысына қарсы шықты

«ВІ» group компаниясының құрылтайшысы Айдын Рахымбаев, өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында ауған соғысында «Қара Майор» лақап атымен танылған Борис Керимбаевтың ерлігі жайлы кино түсіруді ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Бүгін атақты «Қара Майор» Борис Керимбаевтың туған күні деп оқыдым. Ол расында нағыз ерлігі аңызға айналған батыр. Ағаларымыз қазақтың нағыз батырлары ғой! Бүгінде осындай тұлғаларды дәріптеуді қолдаймын.

«Ол жайлы «9 рота» фильміне ұқсас кино түсіру бастамасын қаржылай қолдауға дайынмын. Біз оны мәселен «2 батальон» деп атасақ болады. Өскелең ұрпақ үшін нағыз үлгі болар еді. ҚР Қорғаныс министрлігі әскери техникаларын беріп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі киностудия мен риквизит жағынан, кәсіпкерлеріміз қаржыландырып қолдау білдірсе керемет болар еді. Біздің елімізде қазір талантты режиссёрлар, прдюсерлер, актёрелар бар. Еліміздің оңтүстігінің табиғаты келеді және кей тұстарын Тәжікістанда түсруге болады. Көзі тірі батырлар жайлы нағыз халықтық, әрбір сәті шындыққа негізделген фильм шығар еді. Отан алдындағы адалдық пен ерлік жайлы дұрыс идеологияны біз өзіміз қалыптастыруымыз қажет!»,- деп жазады.

Алайда, Айдын Рахымбаевтың бұл ұсынысын шымкенттік ұстаз Өмір Шыныбекұлы қостамайтынын ашық жазды. Себебі, Кеңес әскері басқыншы ел ретінде өзге елдің шекарасынан басып кіргенін алға тартады.

"Қара майор" атанған ағамызды танымасам да, құрметтеймін...

Бірақ көркем фильм түсіріп ұлықтауды қостамаймын. Мәселен, Ресейліктер Шымкент қамалын зеңбірекпен атқылап, артынан қала тұрғындарын қылышпен кескілеген полковник Черняев туралы фильм түсірсе, сіздер қалай қабылдар едіңіздер? "Қара майор" ағамыздың дарынды әскербасы екеніне ешкімнің дауы жоқ. Бірақ, оның трагедиясы - басқыншы әскердің құрамында өзге елге басып кіруі. Жалпы, мұндай фильмді халықаралық қауымдастық та қабылдай қояды деп ойламаймын. Фильм түсіру туралы ұсыныс жасаған меценат Айдын Рахымбаевқа Алла разы болсын! Бірақ, Айдын мырзаға дүниежүзілік колонизация, оның ішінде қазақ жерінің отарлануы туралы көбірек оқуға кеңес берер едім»,- дейді Өмір Шыныбекұлы.