Синоптиктер үш облыста дауылды ескерту жариялады

0
822

Нұр-Сұлтан қаласында 8 қаңтарда тұман сақталады.


Синоптиктер үш облыста дауылды ескерту жариялады

Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында 8 қаңтарда тұман сақталады. Ертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. 8 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Сонымен қатар, Ақмола облысында кей жерлерде тұман сақталады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.