Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

0
1 004

Алдағы күндері күн суытады.


Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

"Қазгидромет" орталығы мамандары 27-29 маусым күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері күн суытады.


"Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді циклондық қызмет аймағында болады. Солтүстік циклондар сериясы солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерге мол жауын мен айтарлықтай суық әкеледі: республиканың солтүстік жартысында түнде температура плюс 2-10 градусқа дейін, күндіз плюс 10-18 градусқа дейін төмендейді. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты желдің күшеюі, дауыл және бұршақ күтіледі", - дейді синоптиктер.