Сириядан оралған екі азамат сотта өздеріне тағылған айыпты мойындамады

0
841

Айыпталушыларға Қазақстанда тыйым салынған «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының құрамында болып, ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр.


Сириядан оралған екі азамат сотта өздеріне тағылған айыпты мойындамады

ERNUR.KZ. Бүгін Сириядан елге қайтарылған екі Қазақстан азаматы сот алдында жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәурен Сәбитұлы және Данияр Алтаев есімді айыпталушыларға Қазақстанда тыйым салынған «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының құрамында болып, ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр. Екеуі де сот алдында сөз алып, өз оқиғаларын баяндап берді. Қос айыпталушы да «терроризмді насихаттады» деген айыпты мойындамады.

Еске салайық, «Жусан» операциясы аясында елге қайтарылған 14 азаматқа қатысты ашық сот тыңдалымы өткен аптада басталған болатын.