«СҚ-Фармация» басшысы қанша жалақы алатынын айтты

0
605

Компания басшысының қарамағында қызмет ететін бір орынбасары мен үш басқарушы директор бар.


«СҚ-Фармация» басшысы қанша жалақы алатынын айтты

ERNUR.KZ. «СҚ-Фармация» компаниясының басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев қанша жалақы алатынын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ерхат Есқалиевтің айлық жалақысы 1 миллион 300 мың теңгені құрайды. Ал оның орынбасары – 900 мың теңге алады. Ал басқарушы директорлардың айлық жалақысы – 450-650 мың теңге аралығында. Есқалиевтің айтуынша, оның қарамағында қызмет ететін бір орынбасары мен үш басқарушы директор бар.

Одан бөлек, компания басшысы сұхбат барысында коронавирустың екінші толқынына әзірлік жайлы, қоймалардағы дәрі-дәрмектердің қоры туралы айтты.